Бүгін Арыста әдістемелік кабинеттің 2022-2023 жылдық жоспарына сәйкес, кітапхана ісі жөніндегі әдіскер Бекбосынова Айгүлдің ұйымдастырумен № 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП-ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін дамыту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Қалалық семинардың барысында «COWORKING» бұрышы ашылып, көрмелер ұйымдастырылып ашық тәрбие сағаттары өтілді. Сондай-ақ, білім мекемесінің педагторы «Отбасылық оқудың дәстүрлері», «Кітап және ғаламтор» , «Ұлттық құндылықтар кеше, бүгін, ертең», «Арқаның арысы-Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80-жыл», » Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Айта кетейік, «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асуда. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енгне. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылған. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.