13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА “БАЙТҰРСЫНОВ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАСТА “БАЙТҰРСЫНОВ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Б.Садықов атындағы ЖОМ-нің базасында «Байтұрсынов-ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқауға білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш іс-шара Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналды.

Байқаудың мақсаты- қатысушылардың тіл білімінің негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріне деген қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын дамыту мен дарынды балаларды анықтау болып саналады.
Жалпы жоба 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға қатысушылардың жұмыстары ғылыми жобаға қойылатын талаптар мен рәсімдеуге қойылатын талаптарды негізге ала отырып және бағалау критерийі бойынша бағаланды. Байқау нәтижесі бойынша жоғары балл алған Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-нің 10-сынып оқушылары мамыр айының 2-ші онкүндігінде өткізілетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Еске алсақ, былтыр Түркістан облысында «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы өткен еді. Түркістан қаласындағы «Халықаралық туризм және меймандостық университетінде» жас жеткіншектердің тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ұлт үшін сіңірген еңбектерін зерделеп, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы ұйымдастарылған болатын. Байқау барысында жас зерттеушілер, тұлғаның ақындық қырына, тіл-әдебиет ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегіне, ұлтым деп соққан жүрегінің лүпілін түйсінуге жетелеу мақсатында А.Байтұрсыновтың ақындық әлемі; А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеті; А.Байтұрсынов – қоғам қайраткері атты 3 бағытта ғылыми жобаларын ұсынған. Байқауға 15 аудандық және 9 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 62 оқушы қатысқан еді.

Previous Post

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

Next Post

АРЫСТА "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП-ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі