13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2-14 мамыр күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп- гимназия базасында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізілді.

Жас дарындарымыздың төл әдебиетіміз бен мәдениетімізге, ана тілімізге деген қызығушылықтарын ояту, Алтайдан Аризонға дейін даңқы асқақтаған ұлт ұстазы рухын ұлықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға Түркістан облысы атынан Отырар ауданының Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жарылқасын Наргиз 3-орын және 11-сынып оқушысы Дербіс Ұлназ жүлделі 2-орын иеленіп аудан мерейін үстем етті.

Айта кетсек, жалпы, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша барлығы 81 оқушы жүлделі болып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Тағы 29 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ерекше жетістіктері үшін» грамотасына ие болды. Екі жеңімпазға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шәкәрім атындағы университетінің білім гранттары табысталды.

«Олимпиада кезінде балалардың тұратын және білім сайысы өткізілетін жерде қоғамдық тәртіптің сақталуы, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО-ның барлық құрылымдары қарқынды жұмыс жасады. Қатысушылардың жататын орындары мен тамақтануының санитарлық талаптары ескеріліп, қауіпсіздік басты назарда болды. Олимпиадаға республиканың әр түпкірінен 169 оқушы қатысты. Олар қазақ тілі білімі мен қазақ әдебиеті шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша сайысқа түсті. Оқушылардың білімін ғалымдар мен жетекші жоғарғы оқу орындарының оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы бағалады», – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Сондай-ақ, қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Айта кету керек, Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Previous Post

Түркістан : “TIMMS - 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ТҮЛКІБАСТА “БАЙТҰРСЫНОВ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі