13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : “TIMMS — 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан : “TIMMS — 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасының 13.04.2023 жылғы №55 бұйрығына сәйкес Ордабасы ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде 05.05.2023 күні және М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде “TIMSS-2023” халықаралық зерттеуі өткізілді.

4-8 сынып оқушыларынан математика, жаратылыстану пәндерінен тест алынды. Оқушылар мен ата-аналардан және мұғалімдерден сауалнама алынып, қорытынды хаттамасы түзілді.
4-8 сыныптардан “TIMSS-2023” халықаралық зерттеуіне С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде 80 оқушы, М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде 108 оқушы қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті.

Айта кетерлігі, Ордабасы ауданында халықаралық зерттеу ертең де жалғасады.
Есте болса, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл сәуір айынан бастап TIMSS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі басталған болатын. Оған Республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 өңірдегі 195 мектептен 12 мыңнан астам оқушы қатысуда.
«Зерттеудің мақсаты-бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану және математикалық дайындығының сапасын бағалау. Зерттеуге төртінші және сегізінші сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, төртінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Оқушылар тестілеуден және сауалнамадан өтеді. Ата-аналар, әкімшілік және мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіледі. TIMSS зерттеуі 2023 жылдан бастап компьютерлік форматта өткізіледі»,–дейді Комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

TIMSS зерттеуі мектептегі сабақтастықты бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, TIMSS-2023 –ке қатысатын сегізінші сынып оқушылары TIMSS-2019-да төртінші сыныпта оқыды. Педагогикалық қоғамдастық бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудың жаңа әдістемелерін пайдалана алады.
TIMSS зерттеуі оқушылардың білім деңгейіне әсер ететін факторларды анықтауға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның бұған дейінгі циклдерге қатысу қорытындыларын ескеріп, ұлттық есеп жариялайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, TIMSS зерттеуін халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) 1995 жылдан бастап төрт жылдық циклмен өткізеді. Әлемнің 60-тан аса елі қатысады. Қазақстан 2007 жылдан бері тұрақты қатысушылар қатарында.

Previous Post

КЕНТАУДА «ЖАС ҒАЛЫМ» МАГИСТРЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Next Post

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі