13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЖАС ҒАЛЫМ» МАГИСТРЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА «ЖАС ҒАЛЫМ» МАГИСТРЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жыл 19 мамыр күні Кентау қаласы «Ш. Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында» «Жас ғалым» магистрлардың форумы өтеді
Форумның мақсаты ҚР «Білімді ұлт-сапалы білім» Ұлттық жобасы аясында «Жас ғалым» жобасын іске асыру және ғылыммен айналысатын мұғалім моделін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін дамыту. Айта кетсек, форумды -Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйымдастырып отыр. Форумға жалпы білім беретін мектептердегі магистрлар қатысады деп күтілуде.Жоспарға сәйкес, форумға қатысушы магистрлар 5 топқа бірігіп, командалық жұмыс жасайды. Әр топтың құрамында 1 топ басшысы және 9 магистр мұғалімдер болуы тиіс. Сондай-ақ, ереже бойынша әр топтың команда атауы, киім түсі болуы шарт.

1- команда №1,2,Ө.Жәнібеков,4,5 мектептері- алқызыл түс

2- команда №№6,7,8,9,Д.Қонаев атындағы мектептер – сары түс,
3-команда-№12,14,15,16,17- жасыл түс,

4-команда-№№19,22,23,24,-көк түс,

5- команда- Қарнақ,Қашғари, Ахын тума, Шаш төбе мектептері- қоңыр түсті таңдаған.
Әр топ өздерінің ұрандарын алдын -ала 2023 жылдың 10 мамыр күніне дейін әдістемелік кабинетке жолдауы тиіс. Үздік деп танылған ұран Форумда орындалады.
Айта өтсек, форум 3 кезеңнен тұрады:
І кезең- «Талаптанып ғылымға кең тыныста!»- магистрлардың ғылыми жұмыстарын қорғауы ( ғылыми жұмыстар ғылыми жобалар, ғылыми әдістемелік құралдар) (Қорғау регламенті 5-7 минут)
ІІ кезең «Талаптың мініп тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым !» Еркін тақырып ( Білім,ғылымды дамытуға бағытталған жұмыстары- роликтер, анимациялық фильмдер,көрініс,сахналық қойылымдар ) (Қорғау регламенті 5-7 минут)
ІІІ кезең «Өнерге әркімнің ақ бар таласы !» әр команданың өнері.
(Ән,би,күй,мәнерлеп оқу,сахналық қойылым ) (Қорғау регламенті 5-7 минут)

Үздік деп танылған командаға бөлімнің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен номинациялар беріледі.
Сарапшылар құрамына : Ә.Ауелбеков- бөлім басшысы, сарапшылар төрағасы; А.Мақұлбекова- әдістемелік кабинет меңгерушісі, сарапшылар мүшесі; Білім беруді дамыту орталығының маманы; сарапшылар мүшесі; А.Ясауи атындағы ХҚТУ нің маманы; сарапшылар мүшесі; Қ.Кенжеқұлұлы- №3 Кентау Білім- инновация лицейінің директоры, сарапшылар мүшесі; К.Айтбаева- Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің аударма жөнінде редактор- инспекторы, сарапшылар мүшесі; Кентау көпсалалы колледжінің маманы, сарапшылар мүшесі кіріп отыр. Форумның қорытындысы бойынша магистрлардың үздік жұмыстарынан ғылыми –әдістемелік жинақ шығарылады.

Previous Post

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Next Post

Түркістан : “TIMMS - 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі