13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР ҮШІН ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛУДА

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР ҮШІН ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Жазда, демалыстың басталуымен біздің балалардың жолдарда, су айдындарында, орманда, ойын алаңдарында, бақшада, аулаларда болуларына байланысты өмірлеріне қауіптілік артады. Бұған ауа-райы, жазғы сапарлар және балалардың қызығушылығы, бос уақыттың қол жетімділігі, ең бастысы, ересектер тарапынан тиісті қадағалаудың болмауы ықпал етеді. Балалардың ата-аналарымен, туыстарымен, достарымен демалуын ұйымдастырған кезде олардың дендері сау және өмірлеріне қауіп төнбеу үшін бірқатар ережелер мен шарттарды есте сақтау қажет.
Олардың қатарына:

— балалардың жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырыңыз;

— балалардың өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіре отырып, балалармен жеке әңгімелер жүргізіңіз;

— балалардың бос уақыты туралы мәселені шешіңіз;

Есіңізде болсын! Кешке және түнде (22.00-ден 6.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге ересектердің еріп жүруінсіз көшеге шығуға заң жүзінде тыйым салынады;

— балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз, балалардың болатын жерін бақылаңыз;

— бейтаныс адамдармен сөйлесуге жол бермеңіз. Балаңызға «біреу» зиян келтіргісі келген жағдайда, кез-келген адамға әрдайым «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;

— балаңызға қандай да жағдай болмасын, бейтаныс адамдармен бірге көлікке отыруға болмайтынын түсіндіріңіз;

— балаңыздың қандай да бір жасаған қылығына қарамастан, сіз бұл оқиға туралы білуіңіз керек, ашуланбаңыз, әрқашан оның жағын ұстаңыз. Кейбір фактілерді құпия ұстауға уәде берсе де, оларды ешқашан құпия ұстауға болмайтынын түсіндіріңіз;

— суда жүзу және суда ойнау, рахаттанумен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Балаңыз суда шомылғанда, одан көзіңізді алмаңыз, себебі кез келген бір минут уақытыңыз үлкен қайғы-қасіретке айналуы мүмкін; балаларға жалғыз суға түсуге немесе бейтаныс жерде суға түсуге болмайтындығын міндетті түрде түсіндіріп беруді ұмытпаңыз;

— шомылатын балаларды қарайтын ересек адам өзі жүзе білуі керек, алғашқы медициналық көмек көрсете алатындай болуы керек, жасанды тыныс алу және кеуде қуысына массаж жасайтын әдістерімен таныс болуы қажет;

— жаман әдеттерден (алкоголь, темекі, есірткі), азғындыққа және қоғамға жат әрекеттерден аулақ болыңыз;
— адам тұрмайтын иесіз үйлерге кіруге болмайды;

— жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе кінәлісі болмау үшін балаларға жол ережелерін үйретіңіз, оларды — — жолда және қоғамдық көліктерде өте сақ болуға үйретіңіз;

— балалармен ойын немесе спорт алаңында, серуенге шыққан кезде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтап, сақ болыңыз;

— балаңызбен бірге велосипед тебу ережелерін оқып үйреніңіз;

Есіңізде болсын! 14 жасқа толмаған балаларға автомобиль жолдарында және оларға теңестірілген жолдарда велосипедпен жүруге тыйым салынады.

— отпен өте сақ болыңыз. Балаларға отпен ойнауға болмайтындығы туралы, оттың тілсіз жау екендігі және абайсызда қарамау салдарынан жиі кездесетін өрттер туралы білім беру:
— отпен ойнайтын балалар;

сөндірілмеген шоқтар, шлак, күл, от;
— сөндірілмей қалған шылым қалдықтары, сіріңке;

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балаларының физикалық және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік дамуына зиянын келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістері балаларға немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, ар-намысты қорлайтын қатынасты, зорлық-зомбылықты немесе қанауды болдырмауы тиіс. (ҚР «Бала құқығы туралы» 49 бабы).

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі