13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының оқушылары білім алушылар мен педагогтардың назарын қорлау, балалар мен жөсөспірімдерде буллингке қарсы пайым мен түсінік қалыптастыру, сондай-ақ, аталмыш қауіпті әлеуметтік құбылысқа белсенді қарсы тұру ұмтылысын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Менің сыныбым буллингке қарсы!» атты республикалық челленджге белсене қатысуда.
Челленджге қатысушы төлебилік оқушылар әлеуметтік желіде буллингке қарсылықтарын түрлі бейнеролик, сурет, фотосуреттері арқылы өзге білім алушылар мен сынып жетекшілерді «Менің сыныбым буллингке қарсы!» челленджіне қатысуға және зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне қарсы бүкілреспубликалық қозғалыстың белсенді қатысушысы болуға шақыруда.

Сондай-ақ, аудан оқушыларынан құрылған «Психолог-adviser» клубының мүшелері «Біз буллингке, кибербуллингке қарсымыз!» челленджін бастап, осы челленджді облысымыздың басқа аудандарының оқушыларына жалғастыруды ұсынды. Ал аудан мектептерінің педагог-психологтары кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында тимбилдинг іс-шарасын ұйымдастырды.

Айта кетсек, елде «Менің класым буллингке қарсы» республикалық челленджіне бес мыңнан астам оқушы қосылған. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының хабарлауынша, «Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды. Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР ҮШІН ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ «ОЙ БӘЙГЕ» ОЙЫНЫМЕН ӨРНЕКТЕЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі