13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті қос мерекемен құттықтап, бұл айтулы күндердің мән-маңызына тоқталды.

– Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке күні біз Екінші дүниежүзілік соғысында елімізді қорғаған ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетеміз. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан әрбір ардагердің алдында қарыздармыз! Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүрген сарбаздарымызға да құрмет көрсетіледі. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен өңірде жастарды отаншылдыққа баулу, әскери салаға қызықтыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – әрбір ер азаматтың парызы. Әскер сапында Түркістан облысының өрендері де бар.

Жүректі әрі білекті сарбаздарымыз Отан алдында абыроймен қызмет атқаруда. Адамзат тарихындағы ең алапат соғыс – Екінші дүниежүзілік майданында біздің жаужүрек аталарымыз, апаларымыз ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстаннан Кеңес Одағының 500-ден астам батыры шықты. Түркістан өңірінен де қан майданға мыңдаған азамат аттанып, ерлік көрсетті. Миллиондаған ана ұлынан, қосағынан айырылса, мыңдаған бала жетім қалды. Жас баладан бастап, қартқа дейін жеңісті жақындатуға үлес қосты. Сондықтан бұл тарихты ұмытуға құқығымыз жоқ. Ардақты ардагерлеріміздің алдында бас иеміз және оларды қадірлейміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, амандық тілеймін! – деген Бейсен Дәулетұлы бірқатар азаматты марапаттады.

Түркістан облысының Қорғаныс істері бойынша департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күдербаев та жұртшылықты құттықтады. Жастарды Отан қорғауға, әскерде қызмет етуге шақырды.
Мерекелік кеште елді отаншылдыққа шақыратын әндер шырқалды. Алдымен «Отаным» әнін шырқалса, «Алға қазақ жігіттері» әні де көрерменді серпілтті. Өзге де әндер көрерменге жігер сыйлады. Облысқа, республикаға танымал өнерпаздар, қалалық мәдениет үйінің әншілері өз өнерлерімен мерекенің ажарын аша түсті.
Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендердің, тыл еңбеккерлерінің саны – 4 438 адам. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 14 ардагері бар. Ең үлкен ардагеріміздің жасы 102-де. Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн. теңге қаржы бөлініп, ардагерлерге берілді.
Өңірде қос мереке құрметіне мерекелік іс-шаралар жалғасады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ӨНЕРЛІ ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР ҮШІН ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі