13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өз мәресіне жетті.

Іріктеу кезеңіндегі 3000-нан астам жас азаматтың арасынан суырылып шығып, ақтық сайысқа жолдама алған 120 қатысушы екі күн бойы тартысты додада бақ сынады. Олар қашықтыққа жүгіріп, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілермен жүріп өтті. Сонымен қатар саптық дайындық деңгейлерін көрсетіп, «Менің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімін шыңдады.

Сайыс қорытындысы бойынша, Түркістан облысының командасы жүлделі бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Қарағанды облысының оқушылары қанжығасына байлады. Ал үшінші орынға Алматы қаласының командасы лайық деп танылды. Жеңімпаздарға бағалы сый-сияпаттар табысталды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде партия Хатшысы Дәулет Кәрібек «Qaisar»-дың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру екенін атап өтті.

«Сіздермен «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ақтық кезеңінде жүздескеніме өте қуаныштымын. Ұлан-ғайыр жерімізді ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырды. Оны қорғау, келер ұрпаққа қаз-қалпында ұсыну – бәріміздің қасиетті борышымыз. Ел де, жер де біздікі. Осы байлығымызды сырттан біреу келіп қорғап бермейді. Отанымызды осы тұрған сіздер мен біздер қорғаймыз. Халқымызда «Жер елге аманат, ел ерге аманат» деген ұлағатты сөз бар. Аманатқа адал болайық. Әрқашан білімді, намысты, жүректі болыңдар», – деді Дәулет Кәрібек.

Түркістан облысынан келген команданың мүшесі Стас Грачев жеңіс оңайлықпен келмегенін, алайда осы уақыт аралығында балалар жаңа дос тапқанын айтты.

Еске сала кетейік, партияның жастар қанаты аталған жобаны іске қосатынын былтыр «AMANAT»-тың кезектен тыс XXII съезінде мәлімдеген болатын.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ӨНЕРЛІ ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі