13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде, республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Кәсіби құзіреттер мен дағдылар, болашақ синергиясы» тақырыбындағы республикалық форумы жоғары дәрежеде өтті.

Форумның мақсаты әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыра отырып, заманауи жабдықтармен жарақтандыру, ғылым мен тәжірибені ұштастырып, халықаралық тәжірибе негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман даярлау, кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру.

Бұл республикалық деңгейде өткізілген форумға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасынан Баймуратов Сатжан, «Global САПА» білім беру орталығының директоры Тілектес Шингужинова, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және т.б. облыстардың ТжКББ ұйымдары басшылары, басшы орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері, сонымен қатар ZOOM платформасы арқылы «Таlap» КЕАҚ, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнын модернизациялау басқармасының басшысы Далабаев Жанат Куанышбаевич, Қазақстандағы AgroSkills академиясының ректоры Омаров Манен Ембергеновичтер қатысты.

Республикалық форумды колледж басшысы Шығанов Бағлан Төлтайұлы ашып, форумның маңыздылығын және одан жоғары нәтиже күтетіндігін атап өтті. Бағдарлама бойынша пленарлық отырыста баяндамашылар өз баяндамаларын оқып, қонақтарды колледждің материялдық-техникалық базасымен таныстырды.

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері «AGRO TUR» ШҚ, «Бес қара» ЖШС Нәрлен құс фабрикасы, «Қалыбай» ШҚ базасында экскурсия ұйымдастырылды.
Форум соңында қатысушылар бүгінгі өткен іс-шараға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Баймуратов Сатжан қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР” РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі