13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР” РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

7 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР” РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 2 мыңнан астам бала түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде ұсталған. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасын жиі өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Басты мақсат – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу болып саналады.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық полиция департаментінің ЖПҚ орынбасары, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов, облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, сондай-ақ қалалық Полиция басқармасының жеке құрамындағы 35 қызметкер мониторингке қатысты.

Түнгі сағат 22.00-де Есім хан алаңында басталған рейдтік шара «Отырар» мөлтек ауданы аралығын қамтыды. Комиссия мүшелері екі топқа бөлініп, бірқатар ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар мен мейрамханаларға аралау жүргізді. Нәтижесінде ойынханалар мен мейрамханаларда кәмелетке толмаған балалар анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, тіркелді. 16 мекеме иесі сағат 22.00-ден кейін жасөспірімдерді заңды өкілінсіз кіргізуге жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылып, тиісті шаралар қолданылды.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев өңір көлемінде жедел профилактикалық рейдтік іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді. Атап айтқанда, көшеде және басқада қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары атқарылады.

Previous Post

В третьем мегаполисе открылся новый оздоровительный центр

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі