Бүгін 5 мамыр күні Абай а/о орналасқан ЖШС «Нұрлы Жол» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі дейінгі ұйым педагогтерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақтық ұлттық құндылықтары арқылы мектепке дейінгі ұйымда балалар қабілетін дамыту» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар тақырыбының мақсаты балалардың дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына,отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке,мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру. Қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту. Балабақша семинарға өте жоғары деңгейде дайындық жұмыстарын жүргізген. Барлық топтардағы дамыту орталықтары, музыка залының жабдықталуы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес толығымен жабдықталған.
Бағдарламаға сәйкес «Нұрлы Жол» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету бағытында балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруда түрлі тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметтірі ұсынылды. Психолог Д.Байларбекова «Отбасы тәрбие ұясы» тақырыбында тренинг өткізіп,қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Мерей» бб тәрбиешісі Н.Қалауова «Мектепке дейінгі жастағы балаларды жаңа ортаға қалыптастыру» тақрыбында жас мамандарға шебер сынып өткізіп, педагогтер өз-ара тәжірибе алмасты. Бөлім әдіскерлері А.Нуралиева мен А.Құттыбаева педагогтерге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша,осы саладағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әдістемелік жұмыстардың бағыты сондай-ақ үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбиешілердің перспективалық жоспары мен циклограммасының жүргізілуі туралы түсіндіріп өтті. Семинар соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.