Бүгін Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан ЖШС «Ақылбек ата» бөбекжай балабақшасының базасында «Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.
Мектепке дейінгі саланың мақсаты ертегі арқылы ақыл-ой және дене енбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс-әрекетке даярлау, оның сезімдік қабілетін дамыту. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиешілер балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну арқылы өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға үйретеді. Семинарға қатысушы педагогтер балабақша ұжымының «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбындағы көрмені, балалардың жасаған қол еңбектерімен танысты.
Бағдарламаға сәйкес «Ақылбек ата» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері ұйымдастырылған іс әрекеттер, балалардың концерттік бағдарламасын ұсынды. Балалар ертегілерді сахналау арқылы қатысушыларға қызықты сәттерді көрсете білді. «Ақ көгершін» бб тәрбиешісі К.Избасарова мектеп жасына дейінгі жастағы балалармен қарапайым эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру түрлерімен бөлісіп, тәжірибе алаңын өткізді.
Ал «Алпамыс батыр» бб әдіскері А.Абдужаббарова «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Семинар соңында балабақша меңгерушілері мен педагогтері өз ара тәжірибе бөлісіп, ұсыныс пікірлерін білдірді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері А.Нуралиева мен А.Құттыбаева мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіндегі нормативтік құқықтық актілер мен жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша әдістемелік сағат өткізді.