13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 5 БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 5 БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданына жұмыс сапарымен, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» жобасымен Жетісай ауданында 5 нысанның құрылысы жоспарланған.

Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталса, Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп көзделіп отыр. Мектеп құрылыстарын жүргізуге қажетті жер телімдері нақтыланған.

Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.

Сонымен қатар, ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту жұмыстары да қолға алынған.

Айта кетсек, Ұлттық жоба аясындағы өңірде 2024-2025 жылдары жалпы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 оқушы орнына арналған екі ауысымды мектептер салынады. Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында іс-шаралардың ашықтығы мен қоғамдық бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының қолға алынатынын жария еткен еді. Осылайша 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешіп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАЛАБАҚШАДА ДӘРІПТЕЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі