13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Кентауда екі жаңа мектеп салынады. «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Кентау қаласында 1500 орындық 2 мектеп құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда, жер телімі бөлініп, құжаттары әзірленді. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге, мектептің құрылысы жүретін аймаққа барды. Құрылыстың жобасы талқыланды. Заманауи жаңа мектептер 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін қарап, жүзеге асыру бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда ұлттық жоба бойынша мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жайы әзірленуде.

Жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы кезінде қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықтармен қамтылады. Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 25 мектеп бар. Оның 23 мемлекеттік болса, 2-уі жекеменшік білім беру мекемесі. Қалада жалпы 20 055 оқушы білім алуда.

Айта өтсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Түркістан облысында 57 300 баланы қамтитын 63 мектеп салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық жобаның басты мақсаты — мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылармен өткізген жиналыста мектептер салу үшін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникациялдарды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруды тапсырды. Барлық аудан, қалада бой көтеретін мектептердің құрылысы бойынша әкімдер мен жауапты басқарма басшыларына тапсырма берді. Сонымен қатар облыс басшысы құрылысқа қажетті жабдықтарды отандық және жергілікті тауар өндірушілер арқылы қамтамасыз етуді атап өтті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН ОҚУҒА КӨШТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 5 БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі