13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН ОҚУҒА КӨШТІ

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН ОҚУҒА КӨШТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында 4 мамырға қараған түннен орын алған дауылды жел салдарынан бірқатар нысандардың шатыры ұшып, қаланың жарық жүйелеріне зақым келіп, барлық мектептерде сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды.

Әзірге қалада сағатына 30 км/с аса соққан жел тоқтамай тұр. Салдарынан білім ошақтары сабақтарын онлайн форматта өткізеді. Дауылды жел 5 мамыр күні де жылдамдығы күшейе түседі деп болжанып отыр.

Қәзіргі таңда Кентау қаласында 1420 абонент жарықсыз қалған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қатты желдің әсерінен Кентау қаласында мектеп пен «Қазақтелеком» мекемесінің және қазақ-неміс политехникалық колледжінің жатақхана шатыры ұшып кеткен. Оның салдары жеке тұрғын үйлерге де зақым келтірілген. Адам шығыны жоқ.

Дауылды жел тоқтаған бойда арнайы комиссия зақым келтірілген аймақтардың шығын көлемін анықтайды.

Қазіргі таңда, қаладағы құлаған талдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі4 мамыр күні Түркістан облысы аумағында желдің жылдамдығы 26 м/с жетіп, Кентау қаласында Ш.Уалиханов көшесі, №69 Политехникалық колледжінің 700 ш.м шатыры ұшты (жалпы ш.м 1053 ш.м). Салдарынан көршілес тұрғын үйдің шатыры бүлініп, екі тұрғын үйдің қоршауы (шлакаблок) зақымданды.

04 мамыр сағат 11:00-де Кентау қаласы, Яссауи көшесі №100 мекенжайындағы «Қазақтелеком» ғимаратының шатыры толықтай (450 ш.м) желмен ұшқан.

Қатты желдің салдарынан облыс бойынша жалпы 10 мыңнан астам абонентте электр желісіне зақым келіп, жарық уақытша сөнді. Қайта қалпына келтіруге «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінен 8 бригада, 15 техника, 26 қызметкер жұмылдырылды.

Облыстың Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандарымен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің жылдамдығы 21-22 м/с, екпіні 23-28 м/с жетуде.
Мамандар дауыл 6 мамырға дейін жалғасады деп болжауда. Сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!

Previous Post

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі