13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГКЕ ҚАТЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

4 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГКЕ ҚАТЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Баршаға белгілі, дәстүр бойынша 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында еліміз бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг өткізіледі.

Осыған байланысты Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Арыс, Жетісай, аудандарында орналасқан 9 білім беру ұйымдарына мониторингке қатысып жатыр. МОДО дәстүрлі түрде 4 және 9 сынып оқушылары үшін оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша өтеді. Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Сайрам, Мақтаарал, Түлкібас, Сарыағаш аудандарында орналасқан білім беру ұйымдарына мониторингке қатысып жатыр.
МОДО дәстүрлі түрде 4 және 9 сынып оқушылары үшін оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша өтеді.

Қосымша айта кететін болсақ, МОДО-ны өткізу үшін «бір аудитория — бір тәуелсіз сарапшы» принципіне сәйкес эксперттермен келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, министрліктің, сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің, «Өрлеу» орталығының филиалдары, ЖОО, республикалық ұйымдардың өкілдері байқаушы ретінде қатысады. Оқушылардың білімін сырттай бағалауда академиялық адалдықты қамтамасыз ету- оқушының нақты білімін бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің қойған бағасы сырттай бағалаудағы бағамен неғұрлым сәйкес болса, берілетін білімнің шынайылығы анықталады.

Мониторинг барысында білім алушылардың білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін тест тапсырушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының әкімшіліктері арасында сауалнама жүргізіледі.

“Қазіргі заманда дамудың басты кілті- білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес. Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады.”- деп атап көрсетті Ел Президенті Қ. К. Тоқаев.

Previous Post

Түркістан облысы: «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» өтті

Next Post

МАҚТААРАЛ: ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі