Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебінің базасында «Өзара тәжірибе алмасу арқылы құзіреттілікті дамыту» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Семинарда бастауыш сынып мұғалімі (Lesson Study) зерттеу сыныбы Э.Жамединова, бастауыш сынып мұғалімі Х.Қалдыбаева, қазақ-тілі пәні мұғалімі А. Мамедова, тарих пәнінің мұғалімі Д.Абилдаева, математика пәні мұғалімі Н.Асхарова, химия пәні мұғалімі Ұ.Утеева, физика пәні мұғалімі (Lesson Study) зерттеу сыныбы Т.Дабылова, география пәні мұғалімі Э.Кушербаева, биология пәні мұғалімі А.Айботаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Умарова, Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі З.Жамеддинова, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің қазақ-тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Насирова коучинг сабақ, В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Г.Каратаева десант сабақтарын өтті.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің шығармашылығын дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Жaлпы педагогтің шығармашылығы жоқтан туындамайды, ол өте кең және өзіндік ерекше сипаты бар даму кезеңдеріне сәйкес жылжу көрсеткіші бар үдеріс. Жаңа формация мұғалімінің бойында мәселені көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы керек. Сондай-ақ, оған әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, кәсіби құлшыныс, мәдениеттіліктің жоғары деңгейі, тұлғааралық қатынастың, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеудің заңдылықтарын білу де маңызды рөл атқарады десек қателеспейміз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды қажет етеді. Қазіргі таңда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – әдістемелік кабинеттің басты міндеттерінің бірі,- дейді мамандар.
Семинар соңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға және семинарды өз деңгейінде ұйымдастырған әріптестеріне алғыстарын білдірді.