13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» өтті

4 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының мектеп директорларының арасында ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізілген «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» облыстық турниріне Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Султанов Сакен Абдиашимович және № 74 жалпы орта мектебінің директоры Игенбаева Динара ханым қатысып, топ арасынан үздік шығып ІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

Айта кетсек, дебат- тек зияткерлік ойын емес, , ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге үйрететін білім беру технологиясы болып саналады.

Бүгінде жастар арасында кең тараған пікірсайыс ойыны соңғы кезде еліміз бойынша жақсы дамуда. Оған дәлел оқушылар мен студенттер арасында әртүрлі деңгейдегі турнирлердің жиі ұйымдастырылуы. Арыс ауданында қолдау лайықты деңгейде болмаса да сайыстардың арасы үзіліп қалмайтындығы қуантады. Дебат ойындарына ерекше көңіл бөліп оқушыларымен қатар мұғалімдері де, тіпті директорларда белсенділік танытып отыр.

Еске салсақ , ақпан айында Түлкібас ауданындағы білім бөліміне қарасты мектеп директорлары арасында білім беру саласындағы, қоғамдағы өзекті мәселелерді талдау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында “Intellektum dd2” Директорлар дебаты” турнирі болып өткен еді. Алғашқы рет ұйымдастырылған директорлар дебатында мектеп басшылары Американдық парламенттік формат (АПФ) ойын барысында тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделгенін баса назарға алды. Аталған іс-шараға аудан бойынша білім беру ұйымдарының басшылары бес қарар бойынша сөз сайысқа түсті. Жеке тұлғаның танымын кеңейтетін, қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете талдай алу қабілетін қалыптастыратын пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталған болатын.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Next Post

Түркістан облысы: ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІНЕ МОНИТОРИНГКЕ ҚАТЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі