13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

4 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасы өткізілді. Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай ұйымдастырылған додаға Қазақстанның әр өңірінен 169 оқушы қатысты.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйғаруымен олимпиаданың республикалық кезеңі екі кезең бойынша өтті. Қатысушылар эссе жазып, сұрақтарға ауызша жауап берді.

Қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін көрсетті. Республикалық кезең эссе жазу және сұрақтарға ауызша жауап беру сынды екі турдан тұрды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша үміткерлердің білімі сыналды.

Олимпиадаға Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кадырова Руфина Рафикқызы қатысып, жетекшісі Имашева Алия жүлделі II орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, республикалық олимпиада қорытындысымен барлығы 81 оқушы жүлделі болды. Тағы 29 қатысушы министрліктің «Ерекше жетістіктері үшін» грамотасын алды. Ал Олимпиадаға Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Уразали Аида қатысып, жүлделі II- орынды иеленді. Екі жеңімпазға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шәкәрім атындағы университеттің білім гранттары табысталды.

«Олимпиадаға республиканың әр түпкірінен 169 оқушы қатысты. Олар қазақ тілі білімі мен қазақ әдебиеті шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша сайысқа түсті. Оқушылардың білімін ғалымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы бағалады», – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Айта кетейік, Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада 2014 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.

Previous Post

ОТЫРАР: ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Next Post

Түркістан облысы: «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі