13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

4 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Отырар аудандық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепті дамытуда стандартты емес ынтымақтастықты оңтайландыру» тақырыбындағы облыстық мектеп директорлары семинары болып өтті.

Семинар мақсаты: мектептің жайлы кеңістігін жобалауда стандартты емес міндеттерді шешу және тәжірибеде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыту.

Таңертеңгілік қонақтарды қарсы алу QR-кодпен тіркеу рәсімі жасалды. Келген қонақтарды таныстыру үшін мектеп басшысы А.Сыздықәлі байырғы ұстаздар ұрпақтарының демеушілігімен жабдықталған С.Өтегенов атындағы бейнелеу және қолөнер кабинеті, Қ.Кадиров атындағы география алаңы мен таныстырылым жасады. Математика пәнінің мұғалімі Ахметов Камардин Әбсадықұлының ұйымдастыруымен, Карибаев Төреханның ұл-қыздары демеушілік жасап, математика алаңы жабдықталды.

Семинардың ашылу салтанатының лентасын қию рәсімі Төрехан ағайдың ұлы Сүлеймен Карибаев пен Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбетовке берілді.
Жиынға ұлағатты ұстаздың ұл-қыздары, бауырлары қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Мектеп мұражайы, Тірі табиғат алаңы туралы ақпарат беру, «Табысты оқыту мен табысты мұғалім» бірлестік жетекшілер көрмесі, Ә.Мамырайымов атындағы мектеп кітапханасы, Қолөнер-сырлы өнер Б.Кадирова атындағы еңбек кабинеттерін көрсетіп, демеушілік жасаған кәсіпкерлерді келген қонақтарға таныстырды.

Семинар «Жаңа Қазақстан – жас ұрпақ» мерекелік концерттік шарамен ашылды.
Шара барысында Б.Төлімбетов мектепке демеуші болған кәсіпкерлерге алғыс айта отырып, аталған ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Келген қонақтар екіге бөліне отырып, «Жадында жүрсін, жас ұрпақ» тақырыбында өтілген Төленбаева Дариғаның сынып сағатымен «Кітап әуесқойы» («Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасылық оқу) мектеп кітапханасында жүргізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенова Кенжеайымның сабағына қатысты. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізі және Абайдың «Толық адам» тағлымы» (стартап-жобаларды қорғау) шығармашылық жұмыстарын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлшері Айнұр қорғап шықты.

Сонымен қоса, Жанысбеков Оразхан мен Ахмет Әбутәліптің демеушілігімен шығарылған «Жадында жүрсін, жас ұрпақ» кітабының тұсауы кесіліп, келген қонақтарға осы кітап сыйға берілді.
Семинар қорытындысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы сөз алып, семинардың өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Жиын соңында семинарға белсенді атсалысқан қатысқан кәсіпкерлер мен пән мұғалімдерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Previous Post

ОРДАБАСЫ: ОҚУШЫЛАРДАН "ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ АЛЫНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі