13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: ОҚУШЫЛАРДАН «ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ АЛЫНДЫ

4 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ: ОҚУШЫЛАРДАН «ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ АЛЫНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміз бойынша Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11:00-де «Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу уақыты болып белгіленген. Шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігімен мен егемендігін дәріптеу. Ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде 2023 жылдың 4 мамыр күні Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен диктанттың міндеті де осы. Қатысушылардың тілі мен жасына қатысты шектеу қойылған жоқ.

Диктант мақсаты — еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттары бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. АЛ негізгі міндеті босла, қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант қазақ тілінде жазылды. Мәтін 3 рет оқылды. Бірінші кезекте тыңдаушылар мазмұнымен танысты. Екінші рет оқылғанда жазды, үшіншісінде өз қателерін қарады. Негізгі мазмұнында бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, ел тәуелсіздігін нығайту – әрбір қазақстандықтың міндеті екені айтылады.

Диктант алу барысында диктант жазудың мақсаты мен ережесі түсіндіріліп, жазба жұмысының уақыты айтылды. Диктантқа 25 аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкер, 70 мектеп басшысы, 450 мектеп әкімшілігі, 2098 мұғалім және 1756 мектеп оқушысы қатысты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСТАУЫШ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

ОТЫРАР: ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі