Шардара аудандық білім бөлімінің жоспарына сай, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш пән мұғалімдеріне арналған «Жаңашыл ұстаз, ынталандырушы оқулық — білім сапасының ресурсы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар барысында тәжірибелі мұғалім Гүлжан Илесова бастауыш мұғалімдеріне «Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметтің ролі » тақырыбында дөңгелек үстел, Айнаш Шайхиева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» тақырыбында коучинг, Жанар Балғабек «Жаңашыл ұстаз — іс-әрекет зерттеуінде педагогтердің шеберлік алаңы» тақырыбында семинар — тренинг тер өткізілді.Бүгінгі күннің талабы оқыту мен оқудың сапасын арттыруда коллаборативті оқытудың маңыздылығы ерекше. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушы да оқытушы да жақсы нәтижеге жететіні сөзсіз. Жалпы оқыту әдістері-педагог пен оқушының жұмысын реттеп отыратын ережелер болғандықтан, барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принципіне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы нәтижеге жете алады. Соның бірі-интеграциялау принципі. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, математика мен жаратылыстану, қазақ тілі мен шет тілі, дүниетану мен еңбекке баулу т.б өзара жеке пәннің ішіндегі материалдық байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Сонымен қатар педагогтердің де бірлескен жоспар құруына мүмкіндік беретін принциптің бірі деп айтуға болады.
Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып және ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері пәнаралық байланыстарды көрсететін бірнеше сабақатар жүргізілді.
Семинардың мақсаты бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейде көтеру, педагогтердің өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру, жаңашыл тәжірибелерін қалыптастыру болып саналады.
Семинарға қатысқан жас мұғалімдер әрбір педагогтен пайдалы тәжірибе алғанын айта келе, семинар жұмыстарына жоғары баға берді.