13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫН ҮЙІРМЕШІЛЕР АРАСЫНДА НАСИХАТТАУ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫН ҮЙІРМЕШІЛЕР АРАСЫНДА НАСИХАТТАУ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі аясында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры С.Өмірбаеваның республикада алғаш рет ұлттық жоба ретінде ұлттық туризмді дамыту, оны жаңа форматта түрлендіріп енгізу бойынша педкеңестегі ұсынысына сәйкес Келес аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ат спортын үйірмешілер арасында насихаттау» атты облыстық алғашқы көшпелі семинары өткізілді.

Іс шараның басты мақсаты ұттық спортты дамыту болып табылады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра баға жетпес ұлттық спортты келешек жас ұрпаққа насихаттау. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, салт дәстүрге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстау. Көшпелі семинарды «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры С.Өмірбаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бағдарлама барысында ардагер шабандоз Адамбеков Мустафа; атбегі Көлбаев Ыдырыс, шабандоз Үсенов Тіллабек өз тәжірибелерімен бөліссе, бағдарламаның екінші бөлімінде ұлттық тағамдар, ат әбзелдері, ат ерттеу, көкпаршының киімдері, қамшы өру сияқты ұлттық өнерді насихаттайтын көрме ұйымдастырылып, «Көкпар тарту» ұлттық ойыны көрсетілді.
Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.
Сондай-ақ көшпелі семинарға қатысушылар «Балалар саз мектебінің» өнерпаздарынан құралған оркестрдің өнерін тамашалады.

Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі. Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы болып саналады.

Previous Post

Түркістан облысы: 2022 жыл - білім саласындағы жетістікке толы жыл

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСТАУЫШ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі