13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Оқушылардың ғылыми саладағы жетістік көп

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Оқушылардың ғылыми саладағы жетістік көп
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы қазақ-неміс политехникалық колледжінің ұйымдастырған 7-9 сынып оқушылары арасындағы «Робототехника» облыстық байқауында жалпы саны 16 аудан, 8 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 52 оқушы қатысып, бақтарын сынады. ҚР Оку ағарту министрлігі мен Қарағанды облысы білім басқармасының бірлесе ұйымдастырған, халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде Төлеби ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернатынын 11-сынып оқушылары Рахматтула Акжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі екінші орынды иеленіп, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясы бойынша үшінші қатардан көрінді.

Жетісай ауданы мамандандырылған мектеп-интернатының шығармашыл ұстазы А. Молдадосова “Ғылыми жобалар конкурсына, республикалық олимпиадаларға дарынды оқушыларды дайындаудын әдіс-тәсілдері” тақырыбымен, Түркістан қаласы Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінін мұғалімі, педагог-шебер 3. Әсембаева “Ұлттық негізде оқушы байындағы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру” тақырыбында қазақ тілі пәнінен, А.Сламова “Ұлы Абайды оқыту арқылы дарынды балалардың тәуелсіз ойлауын бақылау” тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

«Ясауитану-2022» республикалық білім байқауының облыстық кезеңіне 53 оқушы қатысып, 22 оқушы жеңімпаз деп танылып, қорытынды кезеңге 44 оқушы жолдама алды. Қорытынды нәтиже бойынша Бас жүлде – 1 оқушы, І-орын-1 оқушы, ІІІ-орын-2 оқушы. «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңіне 27 үміткер қатысып, 12 оқушы жеңімпаз деп танылып, қорытынды кезеңге бір оқушы жолдама алды. Жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша «Перзиденттік олимпиаданың» облыстық кезеңіне 71 оқушы қатысып, жиырма бір жеңімпаз анықталып, іріктеуден он оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша екінші орын үш оқушы, екі оқушы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жүз пайыздық білім беру грантын және бір түлек Торайғұров университетінің 50% жеңілдік грантын иеленді.

«Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылар арасындағы интеллектуалдық конкусының облыстық кезеңіне 116 оқушы қатысып, алпыс бес жеңімпаз анықталып, 4 оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша бірінші орын-1 оқушы, ІІІ орын бір оқушы, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. «Балалар оқулары» жоспардан тыс байқауына облысымыздан 92 оқушы қатысып, жиырма төрт жеңімпаз анықталып, 4 оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша бірінші орын-1 оқушыға бұйырып, үш оқушыға Алғыс хат табысталды. «Ақберен» республикалық шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ байқауының облыстық кезеңіне 147 оқушы қатысып, қырық сегіз жеңімпаз анықталып, 6 оқушы қатысқан қорытынды кезеңде екі үздік Алғыс хатты иеленген болатын.

2022-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 412 оқушы қатысып, 201 оқушы жүлделі орынға қол жеткізді. Облыстық кезеңінің екінші туры – тестілеу биылғы 13-14 желтоқсан айында өтеді деп күтілуде. 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеніне облысымыздан 303 оқушы қатысып, 137 жеңімпаз анықталып, 19 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды.

«Алтын сақа» математика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне 147 оқушы қатысып, 54 жеңімпаз анықталды. Он бір оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды. 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 267 оқушы қатысып, 129 женімпаз анықталып, 16 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды.

Previous Post

Түркістан облысы: Цифрлық білім беру платформасы тегін қолданылады

Next Post

Түркістан облысы: 2022 жыл - білім саласындағы жетістікке толы жыл

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі