13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысы: Цифрлық білім беру платформасы тегін қолданылады

3 мая, 2023
in Uncategorized
0
Түркістан облысы: Цифрлық білім беру платформасы тегін қолданылады
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылғы оқу жылындаТүркістан өңірінде жалпы 35 мектеп қолданысқа берілді. Онын ішінде жиырма екі мемлекеттік, 13 жекеменшік білім беру мекемесі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары облыс аумағынан 63 мектептің  құрылысын салу жоспарға енді. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс- шаралар жоспарының 66-тармағына сәйкес, «Толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасын қамтамасыз ету» тапсырмасына орай, 2022 – 2023 оқу жылында облыстық білім басқармасы мен «BilimLand.kz» ЖШС-ның арасында «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы» меморандум мақұлданды.

Меморандум аясында облыстағы орта білім беру ұйымдары  «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасына толық жүз пайыз тегін қосылып, 2022-2023 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап облыстағы барлық орта білім беру ұйымдары «BilimLand.kz» ұлттық цифрлық білім беру платформасының электронды журналы, күнтізбелік тақырыптық жоспары, бөлімдер бойынша жинақтық бақылау, тоқсандық жинақтық бақылау , сондай-ақ, оның ішінде ІТеst.kz ІМекtер.kz, ОnlineіМеktер, Меkteр.Smartnation.kz, Jumys.Smartnation.kz, Basqarma. Smartnation.kz) білім беру ресурстарын оқу процесінде қолданып, жұмыс жүргізілуде.

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейде жыл соңында облысы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасын оқу процесінде қолданудың тиімділігі таныстырылып, бұл жүйе өңір жетекшісінің тарапынан қолдау тапты. Салалық министрліктің М9 130 бұйрығы негізінде құжаттарды педагогтер қағаз немесе электрондық форматта толтырады. Білім беру ұйымдарында оқу үрдісінде электронды журналдарды таңдау еркіндігі берілген және мектеп мұғалімдерін қағазбастылықтан арылту мақсатында облыстағы барлық орта білім беру ұйымдары тек бір ғана электронды журналды толтыруда.

Ал, шын мәнісінде электронды журналдан бұрын, біз бұл сұраққа меморандумға облысқа беріліп отырған үлкен білім ресурсы тұрғысынан қарап, педагогтер мен білім алушыларға беріліп отырған тегін білім қорын айтқымыз келеді. Атап айтқанда, 3/7 пән бойынша екі тілде 24 мыңнан астам дайын цифрлық сабақтар, 100 мыңнан астам интерактивті тапсырмалар мен онлайн лабороториялар және ҰБТ дайындық тесттері. Өңір педагогтері де осы уақытқа дейін мұның әрқайсысын сатып алып, қолданып келгенін айтуда. Осындай үлкен білім қорын тегін пайдаланып отырған мұғалім мен оқушыларға, журналдың да бір жүйеде болуы тиімді болады дейді мамандар.

Previous Post

Түркістан облысы: Оқушылар «Qabilet» жобасының екінші кезеңіне жолдама алды

Next Post

Түркістан облысы: Оқушылардың ғылыми саладағы жетістік көп

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі