«Qabilet» жобасы қызметі жобасы, оқушылардың кабілетін диагностикалау және кәсіби бағдар беру болып табылады. Облыс бойынша 9270 оқушы қабілеттерді диагностикалау сынағынан өтіп, екінші кезеңге 4 оқушы жолдама алды. “Елбасы Академиясы” Корпоративтік қоры бейіндік ведлиствамен бірлесіп, 2021 жылы республика бойынша балалардың қабілетін диагностикалау жүйесін күру, зияткерлік және жеке әлеуетті іске асыру үшін қабілетті балалар мен талатты жастарды сүйемелдеу және колдау қызметін ұйымдастару мақсатында “Qabilet” қызметін іске қосқан болатын.
Жоба 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды кезең-кезеңмен қамтуды көздейді.
2021 жылдан бастап кабілет диагностикасы 10-11 жас аралығындағы оқушыларға қолжетімді, 2022 жылы 7-9 жас аралығындағы балалар үшін енгізіледі. Еске салсақ, 2021 жылы басқа өңірлердегі “Дарын” орталығы қызметкерлері 10-11 жас аралығындағы оқушыларға арналған авторлық әдістемелерден өтті, оған Түркістан Дарын Орталығы қызметкерлері қаржы бөлінбеуіне байланысты қатысқан жоқ. Ағымдағы жылдың 8-21 тамыз аралығында 7-9 жас аралығындағы оқушылардың қабілетін диагностикалау әдістемелерімен жұмыс істеу, “4К”дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық сабақтар өткізу, оқушының диагностика татты түсіндіруі бойынша оқыту өтеді. Бұл оқуға осы орталықтан бес қызметкер жіберілген.
IQanat олимпиадасына 98 оқушы қатысып, республикалық кезеңде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Он жеті дарынды бала «IQanat HighShool оҒ Burabay» мектебіне жолдама алды. Екі оқушы жүлделі орынға да ие болды, ІQАNАТ мектебіне де оқуға қабылданды. “Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп интернатының 15 жылдығына орай “Дарындылық және дарынды балаларға арналған білім берудің ерекшеліктері: ізденіс, шығармашылық жылдар және болашақ” тақырыбында онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізілді.
Облыста 8 ІТ мектеп, 64 ІТ сынып және 118 – робототехника сыныптары жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда облысымызда робототехника жұмыстары сапалы, жүйелі түрде жүргізілуде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Тарату, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ғылымға, робототехниканы оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында «Наурыз кездесулері» байқауы аясында республикалық «Титандар шайқасы» байқауында жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен сертификатталды.