13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ИГІЛІГІ МОЛ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ИГІЛІГІ МОЛ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктері мен атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Мекеменің бас директоры Анарбек Орманның есебін көпқабатты тұрғын үйдің төрағалары, қала мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығы тыңдады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде қызмет көрсету нарығында 25 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде мекеме қаладағы миллионнан астам халық пен Түркістан облысындағы Сайрам ауданын шаруашылық ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, сарқынды суларды толық тазарту қызметтерін де көрсетеді. Тазарған сулар ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады.

А.Орманның айтуынша, 2009 жылдан бастап Халықаралық қаржы ұйымы – Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінен (ЕҚДБ) инвестиция тартылғаннан кейін мекемеде су жүйелерін жаңғырту, қайта құру жұмыстары қарқын алған.

— ЕҚДБ-мен 2009 жылы 13 жыл мерзімге жылдық 5,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен жалпы сомасы 18,74 млрд теңгеге 6 келісім-шартқа қол қойылған. Қаржының 15,4 млрд теңгесін жаңа жобаларды жүзеге асыру жолында игерілді. Біздің кәсіпорын кредиттік талаптардың барлығын сапалы әрі өз уақытында орындап, қазір алған қаражаттың 13,2 млрд теңгесі қайтарылды. Сонымен қоса, ҚР Үкіметі, ЕҚДБ және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасындағы үш жақты шарт негізінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 4,6 млрд. теңге субсидия бөлді, — деді Анарбек Орман.
Мекеменің жалпы меншікті қоры 55,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 381 су арнасы, 4759 суды есепке алу жиынтығы, тұтынушыларға ауыз су жеткізіп отырған 1 929,6 шақырым су желісі, 463,1 шақырым кәріз жүйесі мен коллекторлар бар. Одан бөлек, тәулігіне 150 текше метр сарқынды суларды тазалайтын имарат пен сарқынды судан алынған тұнбаны қайта өңдеу арқылы биогаз негізінде жылына 3,5 млн кВт электр энергиясын өндіретін цех жұмыс істейді.

— Сарқынды судың қалдығынан биогаз өндіру жобасы Орта Азияда тек Қазақстанда, оның ішінде Шымкент қаласында ғана жүзеге асырылып жатыр. Осы бірегей жобаның нәтижесінде мекемеміз қолданып отырған электр энергияның 70 пайызын өзімізде, яғни биогаздан өндіріп жатырмыз. Табысты жобаларды жүзеге асырудың арқасында инвестиция тарту ісі қарқынды жүруде. 2022 жылдың өзінде мекемеге 2,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл қаржы 6 бағыт негізінде жұмсалып, көзделген меже толығымен орындалды. Атап айтқанда, 87,4 млн теңгеге 11 су қабылдау мен сорғы ғимараты салынып, 168,9 млн теңгесіне 16 нысанның құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, 1,3 млрд теңге 28 653 шақырым су құбырының құрылысына, 163,7 млн теңгесіне 4 628 шақырым кәріз желісі, 376,6 млн теңгесі кәріз жүйесін тазарту мен жаңғырту үшін 10 нысан салуға жұмсалса, заманауи технологияларды енгізуге 292 млн теңге жұмсалды,-деді Анарбек Оңғарұлы.
Шымкенттіктерге таза ауыз су қала аумағындағы 5 су арнасынан келеді. Осы инфрақұрылым нысандарда ҚР заңдарында көрсетілген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» талаптарын орындау үшін 2020 жылдан бастап берік қоршаулар тұрғызылыпты. Мекеме басшысы мұны ел ішінде қандай жағдай болмасын халықты ауыз сусыз қалдырмау мақсатында жасалды деп түсіндірді.

Шымкент қаласының жер бедері әр түрлі. Бір аумағы ойлы-сайлы болса, тағы бір жері тым биік. Мұндай теңсіздік су тарату жүйесіне де әсер етері анық. Осы олқылықтың орнын жою мақсатында инвестициялық жобаның «Ғимараттар мен құрылыстар» атты бағыты аясында 21 дана қысым реттегіш құрылғысы орнатылған. Құрылғының көмегімен су қысымдарын реттеп, ол апатты жағдайды жою шығынын азайтады. Ал, «Су құбыры желілерін қайта жаңарту» бағытында Көмешбұлақ су арнасындағы 1978 жылы салынған темір құбырлар жаңасына ауыстырылған.

— Материалы темірден болған құбырдың қызмет ету мерзімі 25 жыл. Уақыт өте темір табиғи эрозияға ұшырап, апатты болдырумен бірге, судың сапасына да әсер етері анық. Тозығы жеткен құбырдан соңғы жылдары 4 ірі апатты жағдай орын алды. 2022 жылы инвестициялық жоба шеңберінде 550 миллиметр өлшемдегі 650 метр жаңа құбыр салынғаннан кейін бірде-бір апатты жағдай орын алған жоқ. Сонымен бірге, Еңбекші ауданындағы Жібек жолы көшесінде 1970 жылы салынған темір құбыр жаңасына ауысты. Қаратау ауданындағы Бабашұлы көшесіндегі су құбырлары 1990 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылға дейін осы көшедегі су жүйесінен 13 апатты жағдай орын алыпты. Бұл жерге де 3 мың метрге жаңа құбыр тартылды. «Кәріз желілерін қайта құру» жобасында Сасбұқаев көшесі бойымен Балдырған көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін салынған кәріз құбыры ауыстырылды. Құбыр 1970 жылы салынғандықтан 92 пайызы тозып, іші лай мен шлакқа толып қалыпты, — деді су арнасының басшысы.

Previous Post

Шымкенттің 24 тұрғынына Қазақстан халқы Ассамблеясының куәліктері табысталды

Next Post

Түркістан облысы: Оқушылар «Qabilet» жобасының екінші кезеңіне жолдама алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі