13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ақ желкен» санаторлық балабақшасының тәрбиешілері Байзакова Лаура Макулова Рахима ересек топ тәрбиеленушілерімен бірлесіп, этно ауылда «Ханталапай» ұлттық ойынын өткізді.

Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Шымырлық пен шеберлік күні» тақырыбындағы байқаудың облыстық кезеңінде «Ақ желкен» — І орынды иеленіп, республикалық кезеңіне өтіп, бас жүлдені жеңіп алды.Байқаудың мақсаты: қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету.сық ойындары — қазақ халқының ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік — экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен балалар ойының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.

Айта кетсек, байқау 2023 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында мектепке дейінгі ұйымдар арасында, қазақ халқының мәдени мұрасын, салт дәстүрі мен ұлттық ойындарды таныстыру және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Шымырлық пен шеберлік күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.
Әлемдік деңгейде шахматпен терезесі тең тұрған ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Аталған логикалық ойын адамның ойлау жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Тоғызқұмалақпен жастайынан шұғылданған балалардың барлығы дерлік оқуда жақсы жетістіктерге жетіп, көбісі мектепті «Алтын белгімен» аяқтайды.

Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз.

Previous Post

Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы нәтижесін беруде

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: "ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі