13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің тарапынан облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықты және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесу өтті.
Іс-шара жоспарына сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық Мәдениет үйінде, Темірлан аудандық Мәдениет үйінде, Шұбарсу аймағында М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде, Бадам аймағы бойынша С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде бекітілген кестеге сәйкес, «Жасөспірім және Заң» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары; прокуратура өкілдері, жергілікті полиция қызметі, жергілікті төтенше жағдай қызметі, білім бөлімінің басшысы мен жауапты қызметкерлері, жергілікті мәслихат депутаттары, жергілікті ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдық кеңес өкілдері, жергілікті ардагерлер кеңестерінің өкілдері қатысты.
Жиын мақсаты — кәмілетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, мектеп оқушыларының қатысуымен орын алатын бұзақылық, заңсыз қаржы жинау, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүру ыактілерінің алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданып орындау.
Жиынға, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Маханбетов Жандос Маханбетұлы, Түркістан облыстық Білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Байғұтов Нышан Тасполатұлы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, ата аналарға, кәмілетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мен құқықтарын қорғау мақсатында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БҮГІНГІ ТАЛАПКЕР – ЕРТЕҢГІ МАМАН!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі