13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Балабақшаға кезекке қою автоматтандырылған

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Балабақшаға кезекке қою автоматтандырылған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы екені белгілі. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Осы орайда сала жауаптыларының алдында бала бақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр. Өткен жылғы джерекке сәйкес, облыста 1406 мектепке дейінгі ұйым бар. (Анықтама: Республикада 11039, яғни әрбір 8 бала-бақша Түркістан облысында). Оның 267-мемлекеттік, 1007-жекеменшік, 86-мектеп жанындағы шағын орталықтар. Түркістан облысы Республикада бала-бақша ашу көрсеткіші бойынша да алдыңғы орында.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды 100 % -ға жеткізу межеленген. Осыған орай, алдағы уақытта бірінші кезекте 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту шаралары қабылдануда.
3-6 жастағы балаларды (86 622) қамту – 98,9%;
2-6 жастағы балаларды (128 270) қамту -91,6% ды құрады.

Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұған дейін жекеменшік балалабақшаларға бір балаға 25 582 теңге берілген болса, мемлекеттік балабақшаларға 33752 теңге берілген.

Жоғарыда аталған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс көлемі ауылдық жерде 45 348 теңгеге (экологиялық аймақта 54216 тг.), қалалық жерде 41 197 теңгеге (экологиялық аймақтарда 50065 тг.) ұлғайтылды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған.

Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.
Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстарын басталады.

Previous Post

Түркістан облысында білім беру нысандарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда

Next Post

Түркістан облысы: Білікті педагогтардың жетістігі көп

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі