13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында білім беру нысандарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында білім беру нысандарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

«Мемлекет басшысы «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында: «Ғылым мен білім өте маңызды. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Білім – тез өзгеретін қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды»-деп атап көрсетті. Осы орайда Түркістан облысында бірқатар жұмыстар қолға алынып, атқарылуда. Соның бірі — Білім беру инфрақұрылымын дамыту.

Мәслен, Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында. Атап айтқанда, былтыр салаға 456 млрд.теңге бөлінген. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2021 жылы 77 мектеп салынса, 2022 жылы 34 мектептің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, өңірде мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізіліп жатыр.

2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 17 артып (31%), өткен жылғы есеп бойынша облыста 56 жекеменшік мектептер жұмыс істеп тұр. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде.

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстағы 40 мектептің жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және оларды мектеп ғимаратының сыртына шығаруға да күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда, облыстық бюджеттен 443 млн.тенге бөлініп, нақты жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа мектептерде әрлеу, ақтау жұмыстарына 520 млн.теңге, 92 жан басына қаржыландырылған мектептің 9-на республикалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге 146 млн.теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Next Post

Түркістан облысы: Балабақшаға кезекке қою автоматтандырылған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі