13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев Сарыағаш ауданына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жоспарланған мектептерге бөлінген жерлермен танысу үшін іс-сапарымен келді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев пен Дәулет Акатов құрылысы жоспарланып отырған, Дербісек, Қызылжар ауылдық округтерінде және Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы және Б.Оспанов көшесі бойына түсетін мектептердің құрылыс жоспарлары мен жер учаскелерін көрсетті. Аралау барысында, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Е.Дауылбаев:

— Мемлекетті дамытатын жастарды тәрбиелеу үшін білім саласына айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Сарыағашта 10 мектептің құрылысы жүреді. Елді мекен аумағынан «Жайлы мектеп» құрылысына бөлінген жерлерді талапқа сай жер учаскелеріне ауыстыру қажет. Сонымен қатар, инфрақұрылым жүйелерінде кемшілік болмау маңызды,- деп айтып өтті.

Айта кетсек, жалпы Түркістан обылысы бойынша 63 мектептің, оның ішінде аудан аумағында 2023-2025 жылдарға 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Жайлы мектептің басқа мектептерден ерекшелігі жоғары стандартқа сай заманауи үлгіде құрылысы жүргізіліп, жаңа білім стандартына сәйкес оқушылар білім алатын болады. Ұлттық жобаның басты мақсаты — мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылатын жоба апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеді. Сондай-ақ ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығы едәуір азаяды. Типтік мектептерде пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар — бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар қойылады. Тынығу алаңдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жағдай жасалады. Дабыл түймесі, бейнебақылау жүйесі орнатылмақ. Жайлы мектептердің басты ерекшелігі, олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады.

Айта өтейік, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолайлы жағдай қарастырылады. Зәулім мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ

Next Post

Түркістан облысында білім беру нысандарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі