13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ. АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШЕБЕР СЫНЫПТАР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ. АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШЕБЕР СЫНЫПТАР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық білім беруді дамыту орталығы”КММ-нің және Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Сауран қалашығы. Ашық аспан астындағы шебер сыныптар” тақырында облыстық семинар болып өтті. Семинарға облыс бойынша әдістемелік кабинет әдіскерлері және тарих пәні мұғалімдері қатысты. Семинар мақсаты — зерттеуші-ғалымдарды музей мамандарымен бірлесіп зерттеулер жүргізуге жұмылдыру және еліміздегі әр өңірлік музейлердің қорында сақтаулы мұралардың тарихын ашуға, олардың аймақтық ерекшеліктері, жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қолға алуға үндеу.

Бөлімге қарасты Құмтүйін жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Елғондиева Ардақ, Қос-Қорған жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Басанов Аззамжан өздерінің шебер- сыныптарын көрсетсе, Құмтүйін жалпы орта мектебі және Ы. Алтынсарин атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектептерінің оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Облыстық Білім беруді дамыту орталығының тарих пәнінің әдіскері Усенбеков Марат семинар соңында өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, кері байланыс берді.

Бұл семинар Отырар ауданында жалғасын тапты. Жалпы Отырар ауданында 200-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Бүгінгі таңда, құнды ескерткіштерімізді сақтау, қорғау мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, әрбір ауыл округтерінің аумағындағы тарихи төбелердің қадағалау мақсатында арнайы қызметкерлер бөлініп, бақылауға алынған.Семинарды қорытындылай келе қатысушылар іс- шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп Сауран ауданы адами әлеуетті бөліміне алғысын білдірді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН «ӨЛКЕТАНУ-ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі