13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді. Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, яғни Көркем (Забадам), Қарасу, Химфарм шағын ауданы бойынша кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 37 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған. Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, қалаға қарасты Абай ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған Бозарық, Қатынкөпір, Қызылжар, Қайнарбұлақ, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ — 2 , Әл-Фараби ауданы бойынша Ескі қала шағын ауданындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 216 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған. Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 117 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді.

Previous Post

Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 млн теңге жымқырған

Next Post

ТҮРКІСТАН: СУ АЙДЫНЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі