13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СУ АЙДЫНЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СУ АЙДЫНЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Қанат Қарабалаев су нысандарының қауіпсіздігі, шомылу кезіндегі сақтық шаралары туралы баяндады.
Бүгінде департамент тарапынан шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен және құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері департамент қызметкерлері жергілікті полициямен, көлік инспекциясымен және балық шаруашылығы инспекцияларымен бірлесіп 74 рейдтік шара жүргізген.
«Түркістан облысындағы су айдындарындағы қайғылы жағдайлар бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі. Тек биылдың өзінде, яғни жыл басынан бері облыс аумағында 14 адамның суға кету дерегі тіркелді. Оның 9-ы – ата-аналарының қарауынсыз қалған жас балалар. Қайғылы жағдайлардың басты себептері – балалардың судағы қауіпсіздікті сақтауды жете түсінбеуі, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуы. Өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейту барысында тұрғындармен, ата-аналармен кездесулер, білім беру ұйымдарында интерактивті сабақтар және әлеуметтік желілерде «Судағы қауіпсіздік» және «Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеміз. Бұдан бөлек, суға қайықтардан, катерлерден, жағажайлардан секіруге және мас күйде шомылуға болмайды. Барша өңір тұрғындарын суда шомылу кезінде қауіпсіздігін сақтап, жасөспірім балаларға түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруға шақырамыз», — деді Қанат Мәлікайдарұлы.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысы аумағындағы су нысандарының жалпы саны — 4 334. Оның ішінде 42 су қойма, 149 ірі және кіші өзен, 25 көл, 2 870 канал және 1 248 қашыртқы бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Previous Post

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді

Next Post

Шымкенттік жастар психологтармен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі