13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 млн теңге жымқырған

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 млн теңге жымқырған
Share on FacebookShare on Twitter

Ол мектеп директорының цифрлы қолтаңбасын қолдану арқылы мемлекет қаражатын жымқырып отырған. Шымкентте мектептің бас есепшісі мемлекет қаражатын жымқырып отырған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, аталған қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекет бас есепшінің тарапынан 2020-2023 жылдар аралығында орын алып отырған. “Атап айтқанда, мектеп директорының электронды цифрлы қолтаңбасын (казтокен) қолдана алмауына байланысты бұйрықпен бас есепшіге жүктеп қойған. Өз кезегінде бас есепші директордың жауапсыздығын, қызметіне деген салғырт қарауын жеке бас пайдасына пайдаланып, өзіне заңсыз тапсырылған электронды цифрлы қолтаңбаны қолдану арқылы мемлекет қаражатын жымқырып отырған. Бас есепшінің қылмыстық іс әрекетінен мемлекетке жалпы соммасы 67 миллион теңге көлемінде аса ірі көлемде залал келтірілген” — делінген жазбада.

Департаментпен мемлекет қаражатын аса ірі көлемде жымқырған Білім басқармасына қарасты жалпы орта мектебінің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық істі тергеу барысында бас есепшінің тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына бірқатар мән-жайлардың ықпал еткені анықталған.

Яғни, бас есепші өзінің тікелей басшысы мектеп директоры және Білім басқармасы тарапынан тиісті деңгейде қадағалау болмағанын сезініп, мемлекет қаржысын қалауынша жеке өзі иелік етіп, қажеттілігіне жаратып отырған. Айта кетейік, 25 сәуірден бастап қалалық білі беру басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Ол жұмыстарға қаржы саласындағы мамандар (ДВГА, ревизоры, казначейства), қоғам белсенділері және басқа тұлғалар қатыстырылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің міндеттеріне қылмыстық құдалау функциясымен қатар, ондай қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, себептерін жою жүктелген.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «Такер» тестіне 18 мыңнан астам оқушы қатысты

Next Post

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі