13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

29 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі мемлекетіміздің білім саласы ұстаздар қауымына үлкен күш артатыны бәрімізге мәлім. Ұстаздардың өз ісін өнер деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше орын алып отыр. Жас мамандарға жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай жоспарлауға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету біздің негізгі міндет.Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындалуына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандардың оқу орнын бітіре салысымен барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Жас мамандар ұстаздық қызметін алғашқы жылдардан-ақ, бар күш-жігерін тек қана жұмысқа арнау керек.

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №66 Толыбай батыр атындағы ЖОББМ базасында меморандумға сәйкес педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласындағы филиалымен жас мамандарға арналған ақпараттық облыстық семинар өткізілді. Аталған семинарға білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Тағаева ұйытқы болып, аудандағы жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Негізгі мақсат — жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Жиын барысында жас мамандарға бірнеше тренингтер жүргізіліп, ақпараттық қолдау білдірілді.

Айта кетсек, еліміздің білім саласындағы реформалардың жемісі болып табылатын желілік қауымдастық, ресурстық тірек мектептері, лессон стади, мектеп көшбасшылары, жаңа форматтағы педагогтер белсенді, жан-жақты, білімді беруші ғана емес дамытушы, жаңа технологияны жақсы меңгерген тұлға ретінде жас мамандарды үйретуде ашықтық принципін ұстанады. Қазіргі таңда мектепке келген жас мамандар жаңа технологияны жақсы меңгегенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Жас мамандардың мектепке келгені қуаныш, оқушылар үшін де ұжым мен мектеп басшылары үшін де. Әсіресе ауыл мектептеріне сауатты жас мамандардың келуі тек мұғалімдердің емес, ауыл тұрғындары үшін де жауаптылық.Мектептің жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жасай отырып, қиындықтардың алдын алып отырады. Жас мамандармен жұмыстың мақсаты — жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету болып саналатынын айта кеткен жөн.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі