13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

29 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысынан 7 оқушы 26-28 сәуір аралығында Астана «Дарын» ұйымдастыруымен өткен 7-8 сынып оқушылары арасындағы химия-биология пәндері бойынша республикалық олимпиадасына Кентау «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернатының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Биология пәні бойынша:

Болатхан Ерасыл 8-сынып оқушысы — «Күміс» медаль,
Кадыржанов Яркин 7-сынып оқушысы — «Қола» медаль,
Русланұлы Алиасқар 7-сынып оқушы — «Қола» медаль.

Химия пәні бойынша:

Камилов Хасан 8-сынып оқушысы — «Қола» медаль, ал Тұрғанбаев Тимур 7-сынып оқушысы — «Қола» медальді қанжығаға байлады.

Айта кетсек, химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздар мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2023 жылдың 28 сәуірінде «Думан» қонақ үйінің мәжіліс залында өтті. Республикамыздың барлық облыстары мен қалаларынан (16) білім додасына 168 оқушы келді: биология пәнінен – 86 оқушы (7-сыныптан – 44, 8– сыныптан – 42);химия пәнінен – 82 оқушы (7-сыныптан – 38, 8– сыныптан – 44) қатысты. Олимпиаданы өткізудің мақсаты – оқушылардың химия мен биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жағымды эмоциялар тудыру, дербес қорытындылар шығаруға жетелеу, оқушылардың ой-өрісін оқу бағдарламасынан тыс қосымша біліммен байыту. Жас дарындарымыз аталған екі пән бойынша өз білімдерін теориялық және практикалық кезеңдерде көрсетті. Республикалық олимпиадалық тапсырмалардың мазмұны мен құрылымы ерекше, авторлық сипатта болды.
Оқушыларды қолда бар ақпаратты шығармашылықпен өңдеуге және мәселелерді шешуде стандартты емес көзқарастарды қалыптастырып, іздену мен зерттеу дағдыларын дамытуға негізделді. Олимпиаданың практикалық бөлігінің мазмұны сапалы, сандық түсіндіруді қажет ететін нақты ғылыми эксперименттерден тұрды. Аймақтардан келген олимпиадаға қатысушылардың жетекшілері де назардан тыс қалмады. Елордамыздың білікті мамандарының қатысуымен өткізілген «Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарларына қатысты. Тәжірибелік кезең аяқталғаннан кейін олимпиада қатысушылары Астанадағы ЭКСПО орталығының ерекше ғимараттарының бірі – «Нұр-Әлем» сфералық павильонына барды. Қазылар алқасының шешімімен үздіктердің үздігі анықталды. 85 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер (І орын – 8, ІІ орын – 31, ІІІ орын- 46) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және Олимпиаданың тұрақты демеушісі – Exxon Mobil компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі