13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

29 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №4 Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ «Жаратылыстану математика пәндерін оқытуда STEM технологиясын кіріктіру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Тағаева, Төрегелді Ералиев және Қатира Кабулова жетекшілік жасады.

Басты мақсат — Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерімен пән сабақтарында STEM технологиясын кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында өзара тәжірибе алмасу.

Семинарға аудандағы жалпы білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында математика, информатика, физика, биология және химия пәндерінен ашық сабақтар өткізіліп, зертханалық жұмыстар жасалды. Педагог-психолог Бибігүл Салдарбекова мен Мадина Маханбетова семинарға қатысушы мұғалімдермен «Қызықты психология» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Қазіргі білім беру үрдістері әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірінде болып жатқан процестермен тығыз қатынаста. Жаһандану әлемінде бәсекелестік жағдайларына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың маңызды факторына айналуда. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіндіктері оның әлеуметтік капиталының дамуымен байланысты, ол көбінесе білім беру жүйесінің жағдайымен анықталады. Жаһандану жағдайында мемлекетіміздің орнықты дамуы, зияткерлік және рухани тәуелсіздігінің нығаюы оның адами капиталымен тікелей байланысты. Елдің әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдан серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес елдің адами капиталының басты құрамдас бөлігі — білім беру жүйесін дамыту ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі «атты Қазақстан халқына Жолдауында»атап өткендей балаларды ерте кәсіптік бағдарлау ерекше маңызға ие болып отыр. Өскелең ұрпақ болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарауы керек. Бүгінгі таңда NEET жастары арасынан 237 мың адам қамтылмаған. Жыл сайын 50 мың талапкер ақылы негізде оқуға түседі, олардың 85% -ға жуығы аз қамтылғандар санатына жатады. Бұл жағдайды түзету керек. Тегін жүз пайыз қамтуды сұранысқа ие мамандықтармен қамтамасыз ету қажет.Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне болашақ мамандықтарын таңдау үшін кәсіби бағдар беруге бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуы кәсіби бағдар беруге байланысты.

Айта өтсек, семинар соңында қатысушы ұстаздар тарапынан кері байланыс жасалып, ұсыныс пікірлер айтылды.

Previous Post

САЙРАМ: "Жаңа материалдарды дайындау" атты зертханалық сабағы өтті

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі