13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: «Жаңа материалдарды дайындау» атты зертханалық сабағы өтті

29 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: «Жаңа материалдарды дайындау» атты зертханалық сабағы өтті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты зерек, жан-жақты білімді оқушылдарды тәрбиелеу мектеп ұстаздарының басты міндеті болып табылады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда пән онкүндіктерінің орны ерекше. Оқушы математика, физиканы тек сабақта ғана пайдаланып қана қоймай, оның өмірмен, қоршаған ортамен байланысты екенін көреді. Өздері құрастырған сөзжұмбақтары, жасаған модельдері, буклеттері, шығарған қабырға газеттері оқушыға ой салады, пәнге деген қызығушылығын, сенімін арттырады, құлшынысын тудырады.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №37 жалпы орта мектебінде химия,биология,география пәндері он күндігі аясында химия пәні мұғалімі М.Шараметов 11 «А» сынып оқушыларына «Жаңа материалдарды дайындау» тақырыбында зертханалық жұмыс сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты зерттелетін заттармен оқушыларды көрнекі таныстыру, заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелерді көрсету болып табылады. Сонымен қатар, оқушыларды заттардың сандық, сапалық өзгерістерімен жан-жақты таныстыру. Химияның өмірмен, халық шаруашылығымен байланысын, химия өндірісінің ғылыми негіздерін ашып көрсету және оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Айта кетсек, ауданда бұдан өзге, білім ошағындағы жас мамандар онкүндігінің әр күні де өзіндік ерекшелігімен оқушыларды баурады. Мәселен оқушыларды “Білім күні”, “Мамандығым – мақтанышым”, “Көңілді кездесу”, “Жаңашылдық, іздену мен үйрену”, “Оқушы, ата-ана және мен”, “Жастардағы жаңалық”, “Әдістемелік көмек”, “Денсаулық және спорт” бөлімдері бойынша ұйымдастырылған шаралар айрықша әсерге бөледі.

Previous Post

САУРАН: "ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР- ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі