13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫ: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

️«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гульнара Тлеубердиева, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кезекті семинарды Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №96 жалпы орта мектебінде кәсіподақ мүшелерімен өткізді.

️Семинардың басты мақсаты еңбек заңнамасы, әлеуметтік диалог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

️Семинар барысында өз кезегінде сөз алған кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтар жұмысының әлеуметтік әріптестермен біріге жұмыс жасауы маңыздылығына тоқталып, Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

️Бұдан бөлек, қатысушылар назарына жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасы»-ның жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Семинар соңында ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.
️Айта кетейік, бүгінде ұжымда 189 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелері. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Равшанбек Ирисдавлатов болып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Next Post

Түркістан облысы: Оқушылар білім сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау мақсатында сыңға түсті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі