13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Share on FacebookShare on Twitter

️Білім беру саласы қызметкерлерінің күнделікті қызметіне қатысты нормативтік — құқықтық актілерді түсіндіру және таныстыру мақсатында 2023 жылдың 27 сәуір күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала, аудан, колледж және мектеп интернаты бастауыш ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелерімен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Еңбек дауын келісу комиссиясында шешу тәртібі» тақырыбында оқу семинары өтті.

️Семинарға Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің құқықтық бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шайдулла Жандос, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және келісу комиссиясының мүшелері қатысты.

Құқықтық бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна білім саласының белсенді кәсіподақ мүшелеріне семинар сабақ өткізу барысында келісу комиссиясының атқарар қызметі мен жауапкершілігі туралы кең ауқымды түсінік берді. Білім саласында кездесетін дау-дамайлардың ұтымды, Заң негізінде шешілуіне ықпал етіп, белсенділік танытатын, ұжымның сенімін ақтай алатын тұлға «келісу комиссиясының» мүшелері екенін атап өтті.

️ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2 тармағының 26 тармақшасына сәйкес ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жұмыс беруші Келісу комиссиясын құруға міндетті. Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті.

️Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, Райхан Мамашиқызы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің кеңесін беріп, өз тәжірибесінде болған мысалдар келтіріп, осы дауларды шешудің жолдарымен бөлісті.

️Семинардың барлық қатысушыларына игерілген тақырып бойынша әдістемелік құралдар және Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткендігін растайтын сертификат берілді.
️Кездесу соңында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдіріп семинар жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: "ҚАЗАҚСТАН - ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі