13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЗАҚСТАН — ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЗАҚСТАН — ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында «Қазақстан Республикасының салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» Түркістан облыстық ұйымына кіретін «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан – татулық пен достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өтті.

Мерекелік кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай, аудандық этномәдени бірлестіктердің төраға мен төрайымдары, зиялы қауым өкілдері, және «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алатын оқушылар қатысты.

Алғы сөзде «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев бірліктің маңызындылығын айтып, «Қазақстан – татулық пен достықтың киелі бесігі» тақырыбында баяндама оқыды.

— Дүниежүзінде көптеген этнос өкілдері мекен ететін мемлекеттер аз емес. Солардың арасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс ұйыса ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанның алатын орны ерекше. Тіпті, біздің Отанымыз әлемдік аренада бірлік пен татулықтың символы ретінде бағаланып та келеді. Сол себепті, ондаған жылдар бойы мемлекеттік деңгейде тойланып келе жатқан «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесінің мәні мен маңызы айрықша. Бір сөзбен айтқанда, бұл – ел ішіндегі түрлі этнос пен дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сый-құрметті арттырып, татулық, бірлік пен ортақ құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен мереке.

Келесі құттықтау сөз кезегінде «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Абдикадиров жергілікті жерде ынтымақтың сақталуына ауыл тұрғындарының қосып отырған елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.

Жиында ақсақалдар мен этнос өкілдері тарапынан келелі ойлар айтылды.
Мұнан кейін, оқушылар мәнерлеп өлең оқып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тамаша өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

ШАРДАРА: Бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі