13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: Бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: Бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Сырдария» жалпы орта мектебінде 24-28 сәуір аралығында жоспарланған бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті. Жоспар бойынша аптаның соңғы күніне «Ұстаз және біз» атты әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылған болатын.

Іс-шараның басты мақсаты мұғалімдердің жан-жақты шеберлігін шыңдау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы мызғымас байланыстың көрінісін көру болып табылады.Апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің табандылығы арқасында өте қызықты да тартымды өтті. Апталық барысында оқушылар өз білімдерін толықтырып, біліктіліктерін кеңейтті. Біздің ұрпағымыз ертең ел тұтқасын ұстар азамат болатынын ойласақ, сол еліміздің ертеңін көркемдейтін,саналы да сауатты тұлға етіп қалыптастырушы мұғалімнің еңбегі орасан зор. Заман талаптарына сай,мектеп мұғалімдеріне жастарды әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу –тәрбие үрдісінде жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану керектігі анық. Жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау мен ой-өрісін дамытып,жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шығармашылық қабілеттерін ашуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сапалы білім өнегілі тәрбие алуына мүмкіндікті жүзеге асыруды мақсат еттік.Бірлесе атқарған үлкен істің басы бала тәрбиесі болмақ.

Қорытынды кешке он бір сынып, жетекшілерімен қатысты. Қатысқан барлық сынып жетекшілер мадақтамамен марапатталды. Жүлделі ІІІ-орынды 2 «Б» сынып оқушылары, жетекшісі Қ.Қабылбекова «Қуыршық» биімен, және 1 «Б» сынып ұлдары, жетекшісі А.Отынбай «Көкпар» биімен, ІІ-орынды 4″Ә» сынып оқушылары, жетекшісі П.Мұратова «Балалар үйі» көрініс, І-орынды 2 «Ә» сынып оқушылары, жетекшісі Г.Утегенова өзбек биімен, 3 «А» сынып оқушылары, жетекшісі А.Абдураупова «Анашым» әнімен «Бас жүлдені» иеленді. Бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары өздерінің білімді де өнерлі, талантты, еңбекқор, ізденімпаз екендерін дәлелдеп көрсетті. Болашақта ұстаздар мен бүлдіршіндерге мықты денсаулық пен шығармашылық табыстар тілейміз.
Апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің табандылығы арқасында өте қызықты да тартымды өтті.

Previous Post

КЕЛЕСТЕГІ ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚҚА – 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: "ҚАЗАҚСТАН - ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі