13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕГІ ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚҚА – 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕСТЕГІ ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚҚА – 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданындағы ең көне, бүгінде іргелі білім ошақтарының бірі саналатын — Омар Есімов орта мектебінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай Келес аудандық Мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, шежірелі шаңырақтың құрылғанына ғасыр толуымен құттықтады.

— Келес өңірінде алғаш ашылған білім ошағының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Бұл мектептің тарихы сан-алуан жолдардан өтті. Кеңес заманында орын алған ашаршылық кезеңінде бой көтерген білім ошағынан қазақ халқына қызмет атқаратын талай азаматтар білім алды. Жылдар аралығында шежірелі шаңырақтың шоқтығы да арта берді. 1936-1937 жылдары мектеп жеті жылдық білім беретін мекемеге айналды. Ал 1946 жылдың 20 сәуірінде «Ленин жолы» — 10 жылдық болып ұйымдастырылып, «жалпы орта мектептер» қатарына енді. Киелі Келес өңірінің балаларына сауат ашумен қатар, бүкіл әлем есіктерін ашқан бұл орта мектептің алғашқы директоры болып, білікті педагог — Омар Есімов бекітілді. 1923 жылдан 90-жылдардың бел ортасына дейін «Ленин жолы» аталып келген қара шаңырақ, еліміз еңселі егемендікке қол жеткізген тұста өзіне лайықты атауға ие болды. Шежірелі ордаға мектептің оқу базасын көтеруге ең үлкен үлесін қосқан тәжірибелі ұстаз, білім ұясының алғашқы басшысы Омар Есімовтің аты берілді. Талай заманды артта қалдырып, түрлі дәуірге төтеп берген құтты мекен қазіргі таңда аймақтың жетекші, маңдайалды мектебіне айналды. Олай болса, жас буынға сапалы білім мен тәлімді-тәрбие беріп, тұлға қалыптастырып жатқан білім ұясының ұстаздарына жемісті, жеңісті күндер көп болсын дейміз. Қара шаңырақтың шырағы сөнбей, мәңгілікке жарқырай берсін, — деді аудан басшысы.

Бір ғасырда мектептен білімі теңіздей терең ғалымдар, жұлдызы биік өнер майталмандары, даңқты спортшылар мен қарымды қаламгерлер, жалпы айтқанда ел үшін еселі еңбек ететін талай тұлғалар түлеп ұшты. Осы білім ордасында сабақ берген Ө.Жәнібеков — қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілсе, тәлім алған шәкірттері А.Меңдіғалиев, Т.Бердияров, Б.Сұлтанбаев, К.Есімсеитов және А.Анарбаевтар ғылымның түрлі саласын дамытуға үлес қосты. Ал жазушылық пен журналистік қызметті серік еткен Н.Келімбетов, З.Асабаев, О.Тәжиева, А.Қаппарова секілді қаламгерлер – мектептің мақтанышына айналып үлгерді. Келес өңірінің даңқын республикаға шығарған мектеп түлектері — Т.Әзімбаев, Ш.Артығалиев, «Қызыл Жұлдыз» иегері Т.Аташев, Е.Смайылов және Ж.Қалдыбаевтар соғыс кезінде жауып тұрған оқ астында «Отан» үшін, келешек ұрпағы үшін жандарын аямай, фашизмге қарсы күресті. Осындай «қара шаңырақтан» нәр алып, сан-салада өз орнын тапқан түлектер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде туған жері үшін адал қызмет етуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ШАРДАРА: Бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі