13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-не жыл сайын сәуір айында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын оқу-дала жиынына әдеттегідей 10-шы сынып оқушылары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері жиналды. Оған аудандық білім бөлімі ұйытқы болды. Жасөспірімдер автоматтан оқ атып, саптық дайындықтан өтуде.

Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жиынның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев және білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәулет Акатов арнайы келіп қатысты. Жас сарбаздарға сәттілік тілеп, құттықтауларын жеткізді.
Оқу-жаттығу жиынының жастарға берер тағылымы мол. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қызмет етуге баулиды. Әскери есепке тұру кітапшасын алу ̶ Отан алдындағы әскери борыштың алғашқы баспалдағы.

Бұл жиын жыл сайын сәуір айында «ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес аудандағы жалпы білім беру ұйымдарының «алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімдері мен 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізіледі. Биылғы далалық оқу-жаттығуға аудан бойынша 3453 оқушы қатысуда. Оның ішінде 10-сынып ұлдар саны — 1712, қыздар саны 1741. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренеді. Алғаш рет қару қолданып, сарбаз міндетін сезінбек.
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету — осындағы барлық азаматтың басты борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды.

Previous Post

СОЗАҚТАҒЫ 4 МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

Next Post

КЕЛЕСТЕГІ ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚҚА – 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі