13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚТАҒЫ 4 МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚТАҒЫ 4 МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылғы 24 – 27 сәуір күндері аралығында Созақ ауданындағы білім беру ұйымдарында «TIMSS–2023» және «ICILS–2023» Халықаралық зерттеулерінің негізгі кезеңі өтті.
24 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде, 25 сәуір күні «Суындық» жалпы орта мектебінде, 26 сәуір күні Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде «TIMSS–2023» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтті.

TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – бастауыш және орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық даярлығының сапасын бағалау.

TIMSS халықаралық зерттеуінен аталған мектептердің 4, 8-сынып оқушылары математика және жаратылыстану пәндері бойынша зерттеуден өтті.

Сонымен қатар, 27 сәуір күні Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінде «ICILS–2023» Халықаралық зерттеулерінің негізгі кезеңі өтті. Аталған мектептің 8-сынып оқушылары АКТ сауаттылығы бойынша зерттеуден өтті.

ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектептегі білім беру оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары бес тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әртүрлі аспектілерді қарастырады. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға бағытталған.

ICILS-тің негізгі қатысушылары – жасы 13,5-14,5 жасқа сәйкес келетін8-сынып оқушылары. 8-сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан аспайтын кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып алынады. Қазақстанда көрсетілген жас санаты – 8-сынып оқушылары. Сонымен қатар, зерттеу шеңберінде мұғалімдер мен мектеп директорлары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының АКТ үйлестірушілері арасында сауалнама жүргізіледі.

ICILS зерттеуінің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT-құызретін қалыптастыру мектеп біліміне қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді. Тұжырымдамалық моделі компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын адам дағдыларының елеулі ауқымын қамтиды.

Previous Post

Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі