13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштық ұстаздар «ROBOTUR» — III облыстық педагогтер арасындағы байқауда топ жарды

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Сарыағаштық ұстаздар «ROBOTUR» — III облыстық педагогтер арасындағы байқауда топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «ROBOTUR» — III облыстық педагогтер арасындағы байқау өтті. Байқау 4 санат бойынша жүргізілді:
1. Мини-сумо 10х10 (команда құрамында – 1 адам);
2. Asyq atu (команда құрамында – 1 адам);
3. Robo Aq suiek (команда құрамында – 2 адам);
4. Робофутбол (команда құрамында – 3 адам).

Аталған байқауға Түркістан облысындағы жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының педагогтары жүлделі ІІ орынға ие болды.

Қоғам өркениетіндегі өмірдің ерекше саласы ғылым екендігі белгілі. Ғылым адамзат тарихының өн бойында дами отырып, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Өйткені, қоғамдағы барлық мәселелер көбінесе ғылымның араласуымен шешіледі. Демек, білім мен ғылым бір-бірін толықтыра отырып, табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылыми қызметкерлер күніне орай Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен педагогтер арасында Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың тетігін «ROBOTUR» байқауымен ұштастырды.

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен байқауға Түркістан облысының 17 қалалық, аудандық білім бөлімдері және 13 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 18 құрама команда қатысты.

Байқаудың басты мақсаты — облыстағы робототехника мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату. Білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру еді. Жалпы, Түркістан облысында робототехника үйірмелерінің жұмысы жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Естеріңізде болар, Төлеби ауданында қымыз құятын робот ойлап тапқан 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек те көпшілікке танылып үлгерді. Ол өз туындысына «денсаулық сыйлағыш Асылбек» деген ат қойған. Ерекше робот құрастырған түркістандық оқушылар облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде де танымал.

Previous Post

ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ САЙРАМ АУДАНЫ ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: "Үздік оқырман - 2023" аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі