13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «Үздік оқырман — 2023» аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталды

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «Үздік оқырман — 2023» аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Кітапхана — оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші, білімнің кәусар бұлағы – кітап екені белгілі. Кітап дегеніміз – алдыңғы буынның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзетуге болады, оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды мінейсің, тұрпайы пейілді көріп жиренесің, түзейсің. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса, оны оп- оңай аңғарасың.

Кітап – тар үйіңнен кең дүниеге алып баратын ұлы арна. Ол тар пейіліңді кеңейтеді, әуел бастағы тар жолдан кең адамдық жолыңа түсіреді.Кітап арқылы үйіңде отырып, бүкіл дүниені болжап көресің, бүкіл дүниемен сөйлесесің. Кітап сені кең әлеммен, кең дүниемен жалғастырады.Қазақ: «Ырыс ауысады, білім жұғысады», — дейді. Расында да білім біреуден-біреуге жұғысады. Осыны білетін халық: «Білмегенді білгеннен сұрағанның айыбы жоқ, сұрамасаң, білмейсің», — дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап.

Осы тұста, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде білім алушыларға кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, білім алушыларды оқуға тарту, кітаптың құндылығын ұғындырып, үздік оқырманды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік оқырман — 2023» аудандық байқауына Ш.Уәлиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 8-сынып білім алушысы Мусабекова Анель қатысып, аудан бойынша жүлделі ІІІ-орын иеленді. Кітапхананың ең үздік деген оқырмандары өздерінің кітапханаға тіркелгеннен бастап осы кезге дейін оқыған кітаптары, ең сүйікті шығармалары, кітап оқуға көзқарастары туралы кеңінен әңгімелеп, өзара пікір алысты. Кітапхана қызметкерлері түрлі логикалық сұрақтар мен ойындар ұйымдастырып оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

Сарыағаштық ұстаздар «ROBOTUR» - III облыстық педагогтер арасындағы байқауда топ жарды

Next Post

САУРАН: "СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - ОҚУШЫНЫҢ СЕНІМДІ ҰСТАЗЫ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі